№3 ОРМБЖСМ директоры М.И.Мустафин бокстан оқу-жаттығу жиындарына келді

Қала құрамасын дайындау және олардың Жастар ойындарында оң нәтиже көрсету мақсатында, күнтізбелік жоспарға сәйкес Щучинск қаласында «Жақсы» спорт базасында 2017 жылдың 17 – 31 наурыз аралығында оқу-жаттығу жиындары жүргізіледі.

 

Ол базада спортшылардың дайындалуына қажеттінің бәрі бар – оның аумағында мамандандырылған бокс залы, жабық спорт кешені, жаздық ашық, рәзіңке және құммен жабылған футбол және баскетбол алаңдары, жасанды жабумен жабылған футбол алаңы, жеңіл атлетика жолдары бар. 

Жаттығу жиындары спортшылардың негізгі жаттығулардан бөлек қарқынды дайындықтарының арқасында өздерінің физикалық деңгейін жоғарылатудың мүмкіндігі болып табылады.

2017 жылдың 25-27 аралығында, үш күн бойы оқу-жаттығу жиындары тексеруден өтті, тексеріс барысында мыналар анықталды: әр күн сайын таңертең және кешке жаттықтырушы өзінің тәрбиеленушілерімен жиын өткізеді, ол жиында жалпы жиын сұрақтары, ұжымдағы қарым-қатынас пен жеке мәселелері шешіледі.

Әр жаттығу алдында спортшылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізіледі.

Құрама қатарына қаланың бірінші және екінші нөмірлері кірді, олар әр түрлі деңгейдегі турнирлердің дүркін жеңімпаздары болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін ОЖЖ жаттығулар екі рет болып тұрады.

     ОЖЖ нәтижесі бойынша жаттықтырушылар құрамы әдістемелердің күшті және әлсіз жақтары бойынша қорытынды жасайды, әрі қарай бұдан да жоғары деңгейге жету үшін спортшылармен жұмыс жасау барысына түзетулер енгізеді.

Жоғарыға

  


Просмотреть “№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК Астана қаласының, дене тәрбиесі және спорт басқармасы на карте большего размера

“№3 балалар мен жасөспірімдер спортмектебі”  МКҚК  Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Ә. Молдағұлова 21/1

 

Тел/ф: 39-43-01, тел. 49-66-52

 

  Эл. Адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 "Сенім телефоны"  - 39-15-84