Жемқорлыққа «Жоқ» дейміз!

7 наурызда Астана қаласы әкімшілігінің «Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлікмектебінің» аясында ҚР Астана қаласы бойынша  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Агенттігі Департаментігінің азаматтар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үгіттеу кездесуі өтті.

Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» басшылары мен ведомствоға бағынысты спорт ұйымдарын «Барыс» СК акт залына шақырылды. 2 наурыздан бастап өзінің функционалды қызметін бастап кеткен мобилді үгіт насихат қызметі сөз сөйледі.

Мобилді үгіт-насихат қызметі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен құрылған. Мобилді үгіт-насихат тобына кіргендер: Каскин Т.Т. – Департамент басшысы – Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР Агенттігінің этика Кеңесінің төрағасы, Кульбаев С.Н. – «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы филиалының хатшысы, Мынбаев С.Б. – Астана қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы, Тулегенов Д.К. – бокстан әлем чемпионы, балалар спорт мектебінің директоры, Жандилдаев Б.К. – «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, Саменкулова Г.М. – Астана қаласы бойынша жемқорлық сыбайластыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро Департаментінің офицері.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы анықтама берілді және оған қарсы неғұрлым тиімді жолдары айтылды. Баяндамашының айтуынша, әр елдің экономикасына ауқымды шығын келтіретіні туралы кейбіреулер біле алмайды.

Жемқорлық сыбайластық туралы дәріс біздің қоғамнан оны түбімен құрту үшін азаматтарды барынша және жан-жақты ақпараттандыруға бағытталған.

Жиналғандардың назарына аталған тақырыпқа байланысты бірнеше ролик көрсетілді.

Жоғарыға

  


Просмотреть “№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК Астана қаласының, дене тәрбиесі және спорт басқармасы на карте большего размера

“№3 балалар мен жасөспірімдер спортмектебі”  МКҚК  Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Ә. Молдағұлова 21/1

 

Тел/ф: 39-43-01, тел. 49-66-52

 

  Эл. Адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 "Сенім телефоны"  - 39-15-84