1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық турнирі өтті

1 маусым күні астанамыз Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бокс бойынша Республикалық турнирге қатысуға келген кішкентай ұл балаларды қарсы алды. Барлығы жарысқа Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе,Алматы, Қарағанды аймақтарынан Астана, Атырау қалаларынан 110 спортшы қатысты. Турнирді №3ОРМБЖСМ басшысы Мұрат Ибрайұлы Мұстафин ашты, ол турнирге келгендерді Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап өтті.

            Турнирдің қорытындысында Астана құрамасы 1 жалпыкомандалық орын алды, 10 алтын, 10 күміс, 14 қола алқа ұтып алды, 2жалпыкомандалық орынды Ақтөбелік команда алды. 3 жалпыкомандалық кубокты Оңтүстік Қазақстан аймағының командасы алды. Жетекші Е.Әшімов «Үздік әрекет», «Жеңіске деген еріктік».

            Турнирдің құрметті қонақтары Әлем Чемпионы, «Астана – батыры» спорт клубының басшысы – Данияр Қалымқайдарұлы Төлегенов, Астана қаласының Ауғаныстан соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Серік Мүбаракұлы Кенжебеков, Астана қаласының Ауғаныстан соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшелері Рысбек Рамазанұлы Нұрмағамбетов және Юрий Владимирович Осокин, Әлем чемпионы, Азия чемпионы Маржықпаев Рахат болды

Жоғарыға

  


Просмотреть “№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК Астана қаласының, дене тәрбиесі және спорт басқармасы на карте большего размера

“№3 балалар мен жасөспірімдер спортмектебі”  МКҚК  Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Ә. Молдағұлова 21/1

 

Тел/ф: 39-43-01, тел. 49-66-52

 

  Эл. Адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 "Сенім телефоны"  - 39-15-84