Үркімбай Бекзат «Дети Азии» атты Халықаралық спорт ойындарының чемпионы

Қазіргі таңда жас спортшылардың, бапкерлердің, ата – аналардың барлық назары жеңістердің символы болған «Дети Азии» атты Халықаралық спорт ойындары өтіп жатқан Якутск қаласына аударылды. Азия континентінің әр бұрышынан келген мықты деген спортшылар Якутскде жиналды.

 

Қазақстан Республикасының құрамасы құрамында еркін күрес бойынша біздің де спортшы Үркімбай Бекзат қатысты (бапкері Абиров Жанбыл). Монғолия және Красноярск күресшілерінен айқасты жеңіп, сөзсіз мәреге жетті. Ақтық бәсекеде Қиыр Шығыс өкілімен күрес күтіп тұрды. Ақтық бәсеке думанды болып өтті, себебі спортшылар армандаған жеңістерінен бір қадам жерде еді. Міне көптен күткен жеңіс те келіп жетті. Бекзат 8:4 есебімен жеңіп шықты. Лайықты жекпе – жек, дайықты жеңіс!!! Спортшыны және оның бапкерін құттықтаймыз!!!

Жоғарыға

  


Просмотреть “№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК Астана қаласының, дене тәрбиесі және спорт басқармасы на карте большего размера

“№3 балалар мен жасөспірімдер спортмектебі”  МКҚК  Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Ә. Молдағұлова 21/1

 

Тел/ф: 39-43-01, тел. 49-66-52

 

  Эл. Адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 "Сенім телефоны"  - 39-15-84