Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

2015 жылдың 04 маусымында Мемлекеттік рәміздер күніне орай №3 ОРМБЖСМ-де «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жалпы қатысушылар саны 28 адамды құрады.

Мустафин Мурат Ыбырайұлы 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады деп атап өтті.

Әдіскер Қадыров Асқар Толқынұлы өз сөзінде: Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіз елімізде мемлекеттік рәміздер күнін - қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Дөңгелек үстелдің соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады. 

{gallery}Zhanaliktar/18{/gallery}

Жоғарыға

  


Просмотреть “№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК Астана қаласының, дене тәрбиесі және спорт басқармасы на карте большего размера

“№3 балалар мен жасөспірімдер спортмектебі”  МКҚК  Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Ә. Молдағұлова 21/1

 

Тел/ф: 39-43-01, тел. 49-66-52

 

  Эл. Адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 "Сенім телефоны"  - 39-15-84