Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевтың сенімді өкілдерінің №3ОРМБЖСМ ұжымымен кездесу

2015 жылдың 30 наурыз және 24 сәуір аралығындағы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевтың сенімді өкілдерінің ведомстваға қарасты ұжымдарымен кездесу өткізулеріне қолдау көрсету бойынша жоспар –тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың 08 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевтың сенімді өкілдері Нуров Наиль Фаридович және Ельжанов Қуандық Ескермесұлы Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынның ұжымымен кездесу болып өтті. Атлмыш іс шараға «Толқын» барлығы 65 адам қатысты. Бұл кездесудің басты міндеттерінің бірі Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына жан-жақты қолдау танытып, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруге орай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

№3ОРМБЖСМ директоры Абдрахманов А.У «Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың халыққа сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын парақталып, бағасы арта түсуде. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да, алғыр басшы»-деп атап өтті.

 «Қазақстан Республикасының негізін қалаушы және Тұңғыш Президентінің арқасында біз тәуелсіздік жылдарында ғасырларға тең жолдан өттік! Біздің Ұлт Көшбасымыздың арқасында барлық қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Біздің Елбасымыздың арқасында біз күшті, гүлденген, бәсекеге қабілетті, бүкіл әлемде құрметпен аталатын мемлекет құрдық! Біздің Президентіміздің арқасында турбуленттілік жағдайында біз қоғамымыздың саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларын ойдағыдай жаңарттық. Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында елімізде бірегей «Стратегия-2050» жасалды, онда мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттары мен бағдарлары жіті де айқын көрсетілген. Назарбаевтың арқасында біздің еліміздегі, сондай-ақ әр отбасындағы экономикалық өсім мен игіліктің дұрыс жолы – «Нұрлы жол» бағдарламасы жасалды. Сондықтан да Қазақстан Республикасы деп аталатын туған Отанымыздың болашағы, өз балалары мен немерелерінің болашағы, әр отбасының игілігі үшін, мемлекетіміздің гүлденуі үшін, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын беретініне кәміл сенімдімін. Мұның барлығына әлемдік өркениет шыңына жетелеп келе жатқан Ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қана бізге кепілдік бере алады. Ұлт Көшбасшысымен бірге, жаңа жеңістерге қарай, қымбатты достар!» – деді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевтың сенімді өкілдері Нуров Наиль Фаридович жәнеЕльжанов Қуандық Ескермесұлы  сөйлеген сөздерінде.

Шараға қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін сайлауда қолдауға әзір екендіктерін білдірді.

 {gallery}Zhanaliktar/14{/gallery} 

Жоғарыға

  


Просмотреть “№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК Астана қаласының, дене тәрбиесі және спорт басқармасы на карте большего размера

“№3 балалар мен жасөспірімдер спортмектебі”  МКҚК  Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Ә. Молдағұлова 21/1

 

Тел/ф: 39-43-01, тел. 49-66-52

 

  Эл. Адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 "Сенім телефоны"  - 39-15-84